• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:10

Батыс Қазақстан облысында тағы бір дрон құлады

40 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысы аумағында ұшқышсыз ұшу аппараты құлағаны туралы суреттер тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

Ведомство мәліметінше, Ақжайық ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттар табылған. Аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Нысан елді мекеннен тыс жерде табылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», деп нақтылады полиция өкілдері.

Айта кетейік, бұл Батыс Қазақстан облысы аумағында құлаған алғашқы дрон емес. Өткен жылдың қазан айында Бөрлі ауданына қарасты Қызылтал ауылы маңында осыған ұқсас жағдай болған еді.

Дубайдағы дрон шабуылын видеоға түсірген шетелдіктер ұсталды

Соңғы жаңалықтар