• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:29

Алматы көшелерінде түнгі автожарыстар жиіледі: Полиция бақылауды күшейтті

20 рет
көрсетілді

Алматыда түнгі заңсыз жарыстар мен қауіпті көлік жүргізу фактілерінің жолы кесілді. Қалада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларының көбеюіне байланысты полиция күшейтілген рейдтік шаралар өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы үш күн ішінде Алматы көшелерінде 5 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде мас күйде көлік жүргізген 43 адам ұсталып, барлығы жүргізуші куәлігінен айырылды. Сондай-ақ 369 жүргізушінің көлікті тиісті құжаттарсыз басқарғаны анықталды. Рейд нәтижесінде 94 автокөлік айып тұрағына қойылды.

Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында қауіпті маневр жасау мен түнгі жарыстар ұйымдастыру әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Сонымен қатар белгіленген жылдамдықты асырудың 2 мыңнан астам дерегі тіркелген.

Өскеменде патрульдік полицияға шабуыл жасалды

Ведомство өкілдері кейбір жүргізушілер құқық бұзушылықтарын әдейі видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялау арқылы жазадан құтылып кетеміз деп ойлайтынын атап өтті. Алайда мұндай әрекеттердің барлығы құқық қорғау органдарының бақылауында.

Соның бір дәлелі – Әл-Фараби даңғылында болған оқиға. Жүргізуші көлігін сағатына 250 шақырымға дейін үдеткен. Оның жеке басы жедел анықталып, ұсталды. Бірнеше әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды.

Полиция қызметкері үш айлық нәрестесі бар отбасыны өз үйінде паналатты

Полиция қауіпті жүргізудің ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертіп, барлық жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар