Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс аяқталып, сот үкімі шықты. Алматы қаласы прокуратурасының мәлімдеуінше, олар жүк көліктерін жалған құжаттар арқылы заңсыз тіркеп, мемлекетке ірі көлемде шығын келтірген, деп жазады Egemen.kz.
2023 жылы ХҚКО-ның 5 қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжаттар негізінде тіркеген. Сонымен қатар көліктердің нақты шығарылған жылы әдейі бұрмаланған.
Осының салдарынан көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін төленуі тиіс 164 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік баж бюджетке толық түспеген. Тергеу барысында заңсыз әрекеттердің барлық тетігі анықталып, кешенді сараптамалар жүргізілген.
Жүргізуші куәлігі 400 мың теңге: Шымкентте ХҚКО қызметкерлері ұсталды
Қадағалаушы органның хабарлауынша, жүргізілген тергеу амалдары айыпталушылардың кінәсін толық дәлелдеді. Сотқа дейінгі кезеңде мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелген.
Сот үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
ХҚКО-лардағы заңды белден басу қалай бақыланады