• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 17:11

Құтқарушылар үндеу жасады: Баланы терезеден құлаудан қалай қорғаймыз?

10 рет
көрсетілді

Бас шаһардың Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) мамандары балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу бойынша ата-аналарға үндеу жасады, деп жазады Egemen.kz.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау балалардың терезеден құлау жағдайының алдын алады.

«Күн жылынған сәттен бастап қауіпсіздік шараларына көбірек көңіл бөлу керек», дейді құтқарушылар.

Биыл 60 бала терезеден құлап кеткен

Балалар жарақатын азайтудың негізгі қауіпсіздік ережелері: - үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз, өйткені бұл баланың өмірі мен денсаулығы үшін зор қауіп болмақ; - балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезенің алдында ойнатпаңыз; - терезедегі масалардан қорғайтын торға сүйеніп тұруға болмайды, бала сол торға алданып, құлап кетуі мүмкін; - баланың терезені өз бетінше ашуына кедергі келтіретін қауіпсіздік құлыптарын (блокаторлар) орнату керек; - бала терезенің алдына шығып кетпес үшін жиһазды терезенің жанына қоймаңыз.

Суық маусымнан жылы кезеңге өту аралығы: Балаларды тұмау мен вирустан қалай қорғау керек?

 

Соңғы жаңалықтар