• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 18:11

Наурызда екінші нарықтағы пәтер бағасы қымбаттады

10 рет
көрсетілді

Наурыз айында Қазақстанның 18 қаласының 12-сінде екінші нарықтағы пәтерлердің бағасы өсті. Krisha.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, ең айқын өсім Көкшетауда – 2.7%, ал Астана мен Семейде – 1.8%, Ақтауда – 1.7%, Алматыда – 1% деңгейінде тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

Дегенмен, 5 қалада бағалар төмендеді: Шымкентте −2.6% (ең елеулі құлдырау), Ақтөбе −1.7%, Петропавл −1.4%, Атырау −1.3%, Түркістан −0.3%. Қостанайда өзгеріс жоқ – бағалар ақпан айы деңгейінде қалды.

Krisha.kz компаниясының оффлайн-сату бөлімінің жетекшісі Имран Османов бағалардың өсуін маусымдық белсенділік пен сатушылардың эмоционалды күткен үмітімен байланыстырады. Оның айтуынша, ұсыныс бағалары нарық күтерінен жиі жоғары болып келеді. Сонымен бірге нақты мәмілелерде баға орта есеппен 3-7% төмендетілуі мүмкін.

Қаңтар айында пәтер бағасы қалай өзгерді?

Наурыз қорытындысы бойынша елдегі пәтерлердің орташа шаршы метрі 421 950 тг/кв. м, бұл ақпанмен салыстырғанда 0.4% көп. Ең қымбат қалалар: Алматы – 822 955 тг/кв. м, Астана – 612 348 тг, Шымкент – 478 815 тг. Ең қолжетімділер: Қызылорда – 271 538 тг/кв. м, Ақтөбе – 316 813 тг, Тараз – 321 373 тг.

Жыл басынан бері баға орта есеппен 2.5% өсті, ал көшбасшылар: Астана +7%, Көкшетау +5.1%, Семей +4.8%, Алматы +2.2%. Баға төмендеген қалалар: Ақтөбе − 2.6% және Атырау − 0.8%.

Жыл бойындағы динамикаға келсек, наурыз айына дейінгі кезеңде барлық қалаларда баға өскен. Ең айқын өсім: Астана +15.9%, Қарағанды +12.8%, Павлодар, Қостанай, Семей, Талдықорған +10 – 10.7%. Алматы мен Шымкентте тиісінше 7.9% және 7.5%. Ешбір қалада баға төмендеген жоқ, ал Қазақстан бойынша өсім 7.2% құрады.

Пәтер сатып алған қаншалықты тиімді?

Егер нақты пәтердің баға тарихын қарағыңыз келсе, Krisha Plus сервисі арқылы өзгерістер графигін көріп, пәтердің қанша уақыт сатылымда тұрғанын және сатушымен келіссөз жүргізу мүмкіндігін бағалауға болады.

Елімізде тұрғын үйді жалға алу бағасы өсті. Баспана қай аймақта қымбатқа түседі?

Соңғы жаңалықтар