Қайырымдылық қаражатын жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайраттың Mercedes-Benz S450 көлігін аукционға қою туралы хабарландыру жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Құны – 79 415 000 теңгеге бағаланып отырған көлік 7 сәуір күні сағат 10:00-де сатылымға шығарылады.
Әзірге аталған автокөлікті тек мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын ретінде тіркелген заңды тұлғалар ғана сатып ала алады. Олардың қатарында әлеуметтік қызмет көрсететін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелері, мектепке дейінгі және орта білім ұйымдары, уақытша орналастыру орталықтары, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелер бар.
Егер көлік осы санаттағы ұйымдарға берілмесе, кейін ол барлық ниет білдірушілер үшін ашық саудаға шығарылады.
Еске салайық, 2025 жылғы 25 шілдеде Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар, ол қайырымдылық үшін табысталатын «Шапағат» мемлекеттік медалінен айырылды.
Перизат Қайраттың адвокаты апелляциялық сотқа шағым түсірді
Сот үкіміне сәйкес, Перизат Қайрат пен оның анасы (оған да айыптау үкімі шыққан) 50 жәбірленушінің пайдасына жалпы сомасы 1 млрд 582 млн теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, олар 22 млн теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын және әрқайсысы 698 мың теңгеден сот шығындарын төлеуі тиіс.