Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов зейнетақы қаражатын басқаруға қатысты енгізілгелі отырған екі негізгі түзетудің маңызын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Депутаттың айтуынша азаматтардың көпшілігі зейнетақы жинақтарының бір бөлігін, нақты айтқанда 50%-ына дейін, табыстылықты арттыру және тәуекелдерді әртараптандыру үшін жеке басқарушы компанияларға беруге құқы бар екенін біле бермейді. Әрине, ештеңені өзгертпей, қаражатты толықтай Ұлттық банкке сеніп қалдыруға болады. Қалаған жағдайда әр азамат өз бетінше шешім қабылдап, жинағының бір бөлігін кәсіби басқарушыларға бере алады. Алайда бұл мүмкіндік әзірге кеңінен қолданылып отырған жоқ.
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қиындайды
«Біз екі негізгі түзетуді ұсындық. Біріншіден. Азаматтардың қаражатын жеке басқарушы компанияларға беру шегін қазіргі 50%-дан 75%-ға дейін ұлғайтуды ұсынамыз. Бұл жерде ең бастысы − бұл міндет емес, құқық екенін атап өткен жөн.
Екіншіден. Азаматтардың өздері таңдаған басқарушы компанияға, осы жинақтарды икемді түрде басқаруға мүмкіндік беруді ұсынамыз: қаражаттың бір бөлігін консервативті құралдарға, бір бөлігін табысы жоғары, бірақ тәуекелі де жоғары құралдарға, ал бір бөлігін теңгерімді бағыттарға орналастыру мүмкіндігін беру. Яғни «бәрі немесе ештеңе» емес стратегиясы емес, саналы таңдау. Ұсыныстарымыздың мәні қарапайым. Ақша тек жатып қалмай, жұмыс істеуі тиіс», деді Асхат Аймағамбетов.
Депутаттың айтуынша, бұл жинақтау міндетімен қатар, азаматқа өз қаражатын басқару құқығын беретін неғұрлым жетілген әрі әділетті жүйеге жасалған қадам болып саналады.
ЕАЭО елдерінің 100 мыңнан астам азаматына зейнетақы жарнасы төленді