• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 13:50

Гүлзарлар аумағы 77%-ға ұлғаяды: Биыл Алматыда қандай гүлдер егіледі?

10 рет
көрсетілді

«Eco Almaty» ЖШС 2026 жылы қаланы гүл екпелерімен көгалдандыру және безендіру жұмыстарын бақылауға алады. Мекеме мәліметінше, жоспарланған аумақ 387 мың шаршы метрді құрайды. Оның ішінде: 107 мың шаршы метрге біржылдық гүлдер, 280 мың шаршы метрге көпжылдық гүлдер мен бұталар, сондай-ақ 116 мың шаршы метрге раушан гүлдері егіледі. Нәтижесінде 2025 жылмен салыстырғанда гүлзарлар аумағы 77%-ға ұлғаяды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маусымға дайындық жұмыстары Eco Almaty жылыжайда гүл өсіретін жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе жүргізіліп жатыр. Сарапшы-агрономдар Алматының континенттік климатына бейімделген өсімдіктерді таңдап, сальвия, тагетес, агератум, альтернантера сияқты ыстыққа төзімді гүлдерді отырғызуды жоспарлап отыр. Бұл гүлдер жазғы аптапқа төзімді әрі жергілікті ауа райына жақсы бейімделген.

Көктемгі маусымға дайындық қыс айларынан басталып, үздіксіз жүргізіледі. Дәстүр бойынша көгалдандыру ерте көктемгі гүл егуден басталады. Наурыз мерекесі қарсаңында қала примулалармен безендіріліп, мерекелік атмосфера қалыптасады.

Алматы Кремний алқабына айнала ма?

Маусым бойы Алматының барлық ауданында кілем үлгісіндегі гүл композициялары, сондай-ақ саябақтар мен скверлердегі жаңартылған гүлзарлар қала келбетін көркейтіп, тұрғындар мен қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Алматының экономикалық индикаторы – 9,4 пайыз

Соңғы жаңалықтар