• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 15:03

Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды

30 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша сот үкімі шықты. Сотталушыға жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда екі адамның өліміне себепкер болды деген айып тағылды, деп жазады Egemen.kz.

Қайғылы оқиға 27 шілде күні таңертең Алматы – Екатеринбург тасжолының 299-шақырымында болған. Сотта анықталғандай, апат кезінде әйел қатты шаршаған күйде көлік басқарған. Рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан екі адам қаза тапты.

Ал Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы ауруханаға жеткізілгенімен, келесі күні облыстық ауруханадан шығып, Алматыға жол тартқан.

Сот барысында айыпталушының кінәсі тараптардың жауаптары, сараптама қорытындылары және өзге де іс материалдары арқылы дәлелденді. Прокурор оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, үкімнің орындалуын 5 жылға кейінге қалдыруды сұраған.

Жәбірленушілер сотта жүргізушіні кешіретіндерін мәлімдеді. Ал айыпталушы өз кінәсін мойындамаған.

Сот өкілдерінің түсіндіруінше, кәмелетке толмаған балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған әйелдерге қатысты жаза өтеуді бес жылға дейін кейінге қалдыру қарастырылған. Алайда бұл мерзім баланың 14 жасқа толу мерзімінен аспауы тиіс. Айыпталушының екі мен тоғыз жас аралығындағы төрт баласы бар екені белгілі болды.

Жеңілдетуші мән-жай ретінде оның кішкентай балаларының болуы ескерілген. Сонымен қатар, оған 7 жыл мерзімге көлік басқаруға тыйым салынды. 

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар