• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:58

Атырауда такси жүргізушісі жолаушыға пышақ ала жүгірді

40 рет
көрсетілді

28 наурыз күні Атырау қаласындағы теміржол вокзалында қалааралық такси жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, екі азаматтың арасында әуелі сөзге келіспеушілік туындап, кейін ол төбелеске ұласқан. Оқиға барысында жүргізуші жолаушыға пышақ ала жүгірген.

Зардап шеккен азамат дереу медициналық мекемеге жеткізілді.

Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша «Бұзақылық» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шалқардағы жаппай төбелес: Жасөспірімнің өліміне қатысты үш күдікті ұсталды

Құқық қорғау органдары істің мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Соңғы жаңалықтар