Алматы қаласында медицина қызметкерлеріне қауіп төндірген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға орнынан түсірлген бейнежазба әлеуметтік желілерде тараған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы күдіктінің әкесіне көмек көрсету үшін шақыртуға барған.
Алайда ер адам мас күйде агрессия танытып, медицина қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсетіп, айналадағы адамдар үшін қауіпті заттарды қолданған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оқиға орнына полиция шақырылған.
Ішінде жүкті әйел болған: Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі аударылды
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті кез келген жедел қызмет өкілдеріне қарсы жасалған агрессия мен қорқытулар заңмен қатаң жазаланатынын атап өтті.
«12 жылға дейін қамау»: Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза бекітілді