Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдап, қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлеріндегі ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Министрлік осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар негізінде 30 наурыз күнгі көрсеткіштерді жариялады.
Ақмола облысында Сілеті су қоймасынан секундына 16,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан – 16,67 текше метр су жіберіліп жатыр.
Ақтөбе облысында Ақтөбе су қоймасынан секундына 1 текше метр және Қарғалы су қоймасынан секундына 0,3 текше метр су жіберіліп жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 37%-ға толы.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 315 текше метр, ал Өскемен су қоймасынан 421 текше метр су жіберілген.
Биыл Түркістан облысында екі жаңа су қоймасының құрылысы аяқталады
Абай облысында Шүлбі су қоймасынан секундына 661 текше метр су жіберіліп жатыр.
Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 6 текше метр және Бітік су қоймасынан секундына 7 текше метрден, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 2 текше метрден су жіберілген.
Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 3 текше метр, Самарқанд су қоймасынан секундына 3 текше метр су жіберілген.
Шардара су қоймасына келетін болжамды су көлемі келісілді
Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр және Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберіліп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 15,8 текше метр, Петропавл су қоймасынан 28,16 текше метр су жіберіліп жатыр.
Қарғалы су қоймасына күрделі жөндеу жүргізіледі