Ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша пилоттық жоба 1 шілдеге дейін ұзартылды, деп жазады Egemen.kz.
Ваучерлік қаржыландыру жүйесінде ата-аналарға балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі. Бұл жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында дұрыс бәсекелестікті қалыптастырады, қаржыландыру процесін ашық етеді, яғни «ақша ұйымға емес, балаға беріледі».
Балабақша мен колледждерде дау-дамайды реттейтін медиация қызметтері құрылады
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа жүйе балабақша кезегіне тұру рәсімін жеңілдетіп, заңсыз факторларды болдырмайды. Сонымен қатар қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Қазір пилоттық жоба республиканың 20 қаласы мен облыстардың 23 ауданында енгізілген. Айта кетейік, 2025 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдар кезең-кезеңімен ваучерлік қаржыландыру жүйесіне көшіріліп жатыр.