Президент Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісін тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Мейіржан Нұрбекұлы Байғонысов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылған еді.