2026 жылдың басынан бері Атырау облысында 31 автокөлік өртенген, ал 2025 жылдың алғашқы үш айында 18 көлік өртеніп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің деректері бойынша, автокөліктердің өртену себебі техникалық ақаулар, электр сымдарында қысқа тұйықталу және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болып отыр.
Мамандардың айтуынша, көліктердің өртенуі көбінесе қозғалтқыш бөлігінде немесе электр жүйесінде болады. Әсіресе, техникалық тексерістен өтпеген және ақауы бар көліктерде өрт қауіпі жоғары.
Алматыда базар маңында өрт шықты
«Біз жүргізушілерді техникалық тексерістен уақытылы өтуге және қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеміз. Электр сымдарына, жанармай жүйесіне тұрақты көңіл бөлу қажет. Әр автокөлікте өрт сөндіру құралдары болуы керек», деді ТЖД баспасөз қызметі.
Астанада құтқарушылар өрт кезінде 3 газ баллонын сыртқа алып шыққан