11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада, Мексика елдерінде өтетін футболдан әлем чемпионатында бақ сынайтын барлық 48 команда анықталды.
А: Мексика, ОАР, Оңтүстік Корея, Чехия.
В: Канада, Босния мен Герцеговина, Қатар, Швейцария.
С: Бразилия, Марокко, Гаити, Шотландия.
D: АҚШ, Парагвай, Аустралия, Түркия.
E: Германия, Кюрасао, Кот-д’Ивуар, Эквадор.
F: Нидерланд, Жапония, Швеция, Тунис.
G: Бельгия, Мысыр, Иран, Жаңа Зеландия.
H: Испания, Кабо-Верде, Сауд Арабиясы, Уругвай.
I: Франция, Сенегал, Ирак, Норвегия.
J: Аргентина, Алжир, Аустрия, Иордания.
K: Португалия, Конго, Өзбекстан, Колумбия.
L: Англия, Хорватия, Гана, Панама.
Іріктеу турнирінің басты сенсациясы деп Италия құрамасының жолдамаға иелік ете алмағанын айтса болады. Төрт дүркін әлем чемпионы деген атағы бар даңқты команда шешуші ойында Босния мен Герцеговинаға есе жіберді. Бұл «Скуадра Адзурраның» қатарынан үшінші мәрте әлемдік доп додасынан шет қалуы. Ал Өзбекстан, Иордания, Кабо-Верде, Кюрасао мундиальға алғаш рет қатысқалы отыр.