• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 13:38

Елордалық тұрғын 20 млн теңгесінен айырылды: Алаяқтар байланыс операторының атын жамылған

20 рет
көрсетілді

Астана қаласының «Сарайшық» ауданында аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық фактісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, биыл наурызда белгісіз тұлға өзін ұлттық байланыс операторы компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіге қоңырау шалып, қосымша телеарналарды қосуға 30% жеңілдік бар екенін хабарлаған.

Телефон арқылы сөйлесу барысында алаяқ жәбірленушіні түрлі әрекеттерді орындауға көндіріп, оның ұялы телефонына қол жеткізген.

Ақ халатты алаяқтар көбейді: Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға ескерту жариялады

Нәтижесінде жәбірленушінің ұялы телефоны уақытша бұғатталып, оның депозиттік шотынан 20 млн теңге көлеміндегі ақша заңсыз жолмен өзгеге аударылған.

Қазақстан мен Украина телефон алаяқтарына қарсы бірлескен операция жүргізді

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу жүріп жатыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар