• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 14:07

Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті

30 рет
көрсетілді

Апат таңғы уақытта, балалар сабаққа бара жатқан кезде болған. Оқушы қыз жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан. Сол сәтте оны көлік қағып, алған жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы басқа оқушылар мен ата-аналардың көз алдында болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы дереу жеткенімен, қыз баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

Қоянды ауылында екі оқушыны көлік қағып кетті

Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға таңғы сағат 07:45 шамасында тіркелген.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 1974 жылы туған жүргізуші Toyota Hiace автокөлігін басқарып отырып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 2018 жылы туған кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен», делінген хабарламада.

Астанада мұғалім оқушыны ұрып жіберген: Білім басқармасы жауап берді

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыны қорлады деген күдікке ілінді

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты азайтуға және жаяу жүргіншілер жолында барынша сақ болуға шақырады. Ал ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау қажеттігі ескертілді.

Соңғы жаңалықтар