• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 14:41

Ақтөбе облысында көпқабатты тұрғын үй салынуы тиіс жер мемлекет меншігіне өтті

20 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында қала аумағындағы 1,9 гектар жер телімінің ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай бос жатқандығы анықталды. Аталған жер «көпқабатты тұрғын үйлер салу» мақсатында берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тексеру нәтижесінде жер иесіне учаскені игеру жөнінде нұсқама берілгенімен, ол талап орындалмаған. Осыған байланысты иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кейін департамент сотқа жүгінген.

Сот қарауының қорытындысы бойынша, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты департаменттің талабын толық қанағаттандырып, жер телімін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.

Ақтөбе облысында қайтарылған қаражат есебінен салынған әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті жер иелері мен жер пайдаланушыларға учаскелерді мақсатты әрі тиімді пайдалану қажеттігін ескертеді. Соныен бірге заң талаптарын сақтап, құқықбұзушылықтарға жол бермеу маңызды екені атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар