Қазақстан азаматтары Таяу Шығыс елдеріндегі банктерде 1,9 мыңнан астам есепшот бар екенін декларациялаған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство мәліметінше, бұл деректер 2024 жылдың қорытындысы бойынша 250.00 және 270.00 нысандарында көрсетілген.
Ең көп шот Түркияда тіркелген – 890. Біріккен Араб Әмірліктерінде 874 есепшот ашылған. Сонымен қатар Израильде – 53, Қатарда – 45, Сауд Арабиясында – 16, Иранда – 12, Оманда – 8, Иорданияда – 6, Кувейтте – 4, Ливанда – 2 шот бар. Ал Ирак, Мысыр және Бахрейнде бір-бірден есепшот тіркелген.
Таяу Шығыстан Қазақстанға: Студенттерден оқу ауыстыру бойынша 500-ден астам сұраныс түсті
Жалпы алғанда, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел азаматтары шетел банктеріндегі 7 082 есепшот туралы есеп берген. Алайда Мемлекеттік кірістер комитеті бұл шоттардағы жалпы қаржы көлемі туралы ақпаратты жариялаған жоқ.
Ведомствоның хабарлауынша, 2024 жылға қатысты камералдық бақылау талап қою мерзімі аясында жүргізіледі. Қазіргі уақытта қаржылық шоттар туралы көпжақты келісім шеңберінде қосымша мәліметтер алу жұмыстары жалғасып жатыр.
Таяу Шығыстан азаматтарды елге қайтару үшін қанша қаражат жұмсалды?