• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 19:32

Асан Салимов спорттық гимнастикадан Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

10 рет
көрсетілді

Қазақстандық гимнаст Асан Салимов Мысырдың Каир қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Спортшы қол тіреп секіру жаттығуында сәтті өнер көрсетті.

Финалда екі мүмкіндіктің қорытындысы бойынша Салимов төрешілердің шешімімен 14,083 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Армениялық Артур Давтян жарыс жеңімпазы атанды - 14,666 ұпай. Ал үшінші орынды чехиялық Йонас Данек иеленді - 14,016 ұпай.

Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан қытайлық қарсыласын 3 рет нокдаунға түсірді

Айта кетейік, осы финалда тағы бір қазақстандық гимнаст Алтынхан Темірбек те өнер көрсетіп, бесінші орынға тұрақтады.

Бұған дейін ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс жүлдеге ие болса, Нариман Курбанов қола медаль жеңіп алған еді.

Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан Моңғолия боксшысына есе жіберді

Соңғы жаңалықтар