• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Қызылордада 400 адам қатысқан марафон өтті

10 рет
көрсетілді

Қызылордада «Amanat» партиясы облыстық филиалы «BIALI SPORT» ЖШС-мен бірлесіп, BIALI MARATHON 2026 марафонын өткізді. Төрт жүз адам қатысқан марафонның басты мақсаты – өңірде бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттап, тұрғындардың белсенділігін арттыру болды, деп жазады Egemen.kz. 

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар да қатысып, шараның әлеуметтік маңызын арттырды.

Сонымен қатар, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері мен аманаттықтар да белсенділік танытты. Жарыс 5 және 10 шақырым қашықтықта ерлер және әйелдер санаты бойынша өтті. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады.

Облыс филиал төрағасы Жандос Базартай марафонның маңыздылығына тоқталып, бұқаралық спортты дамыту – ұлт саулығын нығайтудың маңызды бағыты екенін атап өтті.

Бүгінгі «BIALI SPORT» серіктестігімен бірлескен марафон партияның салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарының бір көрінісі. Алда партия филиалы «BIALI SPORT» серіктестігі және облыстық спорт басқармасымен бірлесіп өңір тұрғындары арасында «Amanat health» таңғы жаттығу жобасын жүзеге асыруды көздеп отыр. Бұл жоба 6 ай бойы жүргізіліп, үздіксіз жаттығу жасаған тұрғын бағалы сыйлықпен марапатталады.

«Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері Үлкен Алматы өзенінің жағалауынан 20 тонна қоқыс жинады

Жалпы жүлде қоры 2 миллион теңге болатын марафонға Алматы, Шымкент қалалары, Түркістан, Ақтөбе облыстарынан да спортшылар қатысты. Жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға арнайы медальдар табысталды.  

Соңғы жаңалықтар