• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мирас Бүгін, 08:50

Әбіштің қолтаңбасы

20 рет
көрсетілді

2001 жылдың маусымы. Тараз қаласына қазақтың шандоз қаламгері Әбіш Кекілбайұлы келеді. Бір жылдан кейін Астанадағы «Елорда» баспасынан жарыққа шыққан «Талайғы Тараз» кітабына түрткі болған материалдар жинай бастаған кез.

Сондай шақ­тар­дың арасында ақ пе­йілді жазу­­шымен жергілікті оқырман жұртшылық жүз­деседі. Арасында әкем­нің ағасы, Тұрар Рыс­құлов ауданы Ка­менка ауылында тұрған Шалқар Бектенбайұлы да бар. Ол көркем еңбек пәнінің мұғалімі бол­ғанымен де, әдеби, тарихи кітаптарды таңдай, тал­ғай жинайтұғын. Жам­был өлкесіне Әбіш­тей абыз келетінін білген соң, қолына 1993 жылы Алматыдағы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Хан Кене» атты ұлт-азаттық соғыс туралы тарихи толғамдар, пьеса мен дастандардың жинақ кітабын ұстай барады. Әбекеңнің универ­ситеттегі ұлы ұстазы әйгі­лі Мұхтар Әуезовтей ке­меңгер келбеті, бұйра тол­қын тәрізді шашы, кесек денесі алыстан көз тартып тұратын. Шалқар ағамыз амандасып: «Әд­ебиетсүйер оқыр­ман­дарыңыздың бірі­­мін», дегенде, жазушы сәлемшінің қолындағы кітапқа осындай қолтаңба қалдырыпты: «Әбіш Кекіл­баев. 2.6.2001» деп қолы қойылған. Еш­қан­дай сөз жазбаса да, жазушы ағаның көк сиясынан оқырман ініге деген ілтипат пен лебіздің тіл жетпес демі сезіледі.

 

Бекжан БЕКТЕНБАЙ

 

Жамбыл облысы,

Т.Рысқұлов ауданы,

Құлан ауылы

Соңғы жаңалықтар