• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 10:45

Мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды

30 рет
көрсетілді

Елімізде мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Менің ойымша, Мемлекет басшысы ұстаздарға зор сенім артып, жанашырлық танытып жатыр. Сондықтан баршаңызды құттықтаймын. Сәйкесінше хат білім басқармаларына жолданды», деді Жұлдыз Сүлейменова. 

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі биыл 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 1 сәуірден 27 мамырға шегерілгенін хабарлаған еді. 

Сондай-ақ министрлік мектеп директорларын ротациялау, 2+2, ауылдық жерлерде 3+3 жүйесімен тағайындау туралы ұсыныс көтерген. 

Соңғы жаңалықтар