• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағайындау Бүгін, 16:32

Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады

40 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: 

Асет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Мемлекет басшысы Ирак президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Сонымен қатар, Президент Жарлығымен Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

 

Соңғы жаңалықтар