• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 09:52

Есірткі қылмысын отбасылық бизнеске айналдырғандар ұсталды

30 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысын жақын туыстардың ұйымдастыру, сату фактілері жиілегенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Мәселен, Алматы қаласында ағайынды екі азамат шамамен бір килограмм синтетикалық альфа-PVP есірткісін тасымалдау кезінде ұсталған. Бұрын сотталған ағасы заңсыз іске інісін де тартқан. Тұтқындау барысында олардан қару және оқ-дәрілер тәркіленген.

Ішкі істер министрлігі 34 жасырын есірткі зертханасын жойды

Алматы облысында да екі ағайынды ұйымдастырған фитозертхана жойылды. Олар үйді жалға алып, аса ірі көлемде марихуана өсірген. Ұсталғандардан жалпы салмағы 61 килограмм болатын 102 түп марихуана өсімдігі бар құмыралар, сондай-ақ жарықдиодты фитошамдар, желдету жүйелері және өзге де жабдықтар тәркіленген.

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

Сондай-ақ Алматы тұрғыны әпкесінің сенімін пайдаланып, оның пәтерінде есірткі қаптаған. Ұстау кезінде 100-ден астам zip-lock пакет және шамамен 500 грамм мефедрон тәркіленген. Cәуір айының он күнінде заңсыз айналымнан бір тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 800 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Ұлытау облысында Telegram арқылы есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды

«Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Заң аясында аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Есірткі өндіру мен таратудың кез келген әрекеті қатаң түрде тоқтатылады», деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Соңғы жаңалықтар