Астанада Ұлттық геологиялық қызмет базасында заманауи зертханалық кешен құру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы MINEX Kazakhstan 2026 форумында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ел аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелу деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Вице-министрдің сөзінше, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 2,038 миллион шаршы шақырымға жеткен.
«2026 жылы қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру құқығын беру үшін 50 кен орны бойынша аукцион өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Астанада Ұлттық геологиялық қызмет базасында заманауи зертханалық кешен құру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Нысанды пайдалануға беру 2028 жылға жоспарланған», деді Иран Шархан.
STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді
Айта кетейік, MINEX Kazakhstan 2026 форумын өткізу Астанада 14-16 сәуір аралығына жоспарланған. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнестің және халықаралық инвесторлардың өкілдері қатысып жатыр. 100-ден астам спикер, 500-ден астам қатысушы, 40 экспонент және 33 елден 1000-нан астам келуші жиналады деп күтілген.
Нұрболат АМАНБЕК