• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды

30 рет
көрсетілді

Вашингтон қаласында Қазақстан делегациясының сапары барысында Дүниежүзілік банк штаб-пәтерінде «Қарағанды – Жезқазған» автожолын салуға қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды. Жоба елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келісім «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, Халықаралық қайта құру және даму банкі және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасында жасалды.

Жоба аясында көлік инфрақұрылымын дамыту, транзиттік әлеуетті арттыру және өңірлер арасындағы байланыстарды күшейту көзделген. Сондай-ақ жаңа жолдың іске қосылуы жол жүру уақытын едәуір қысқартып, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және Орталық Қазақстанның дамуына қосымша серпін беруге мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік банк қаражаты қандай жобаларға жұмсалады?

Қазіргі уақытта конкурс рәсімдері аяқталу сатысында тұр. Жолдың жалпы ұзындығы 457 шақырым, ал несие сомасы 650 млрд теңгені құрайды. Биыл жоба аясында жобалау және құрылыс жұмыстары басталады.

Жоба сондай-ақ логистиканы дамытуға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етпек.

Жауапты органдардың мәліметінше, құрылыс жұмыстары жақын уақытта басталады.

Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті

Соңғы жаңалықтар