• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 17:48

Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады

30 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапары аясында Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты. Жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар мен сарапшылар бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңында бірқатар маңызды мәселеге қатысты ой бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дипломатиялық форумда ел Президенті жаһандық ахуалға қатысты пікір білдіріп, әлімдік саясаттың тұрақтылығында көсбасшылық қасиеттердің аса маңызды екендігін атап өтті.

«Жаһандық көшбасшылар, әлемнің әр қиырындағы жекелеген мемлекеттердің жетекшілері, ең алдымен, халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы қажет деп санаймын. Қазіргі сәтте стратегиялық ұстамдылық өте маңызды. Менің ойымша, бүгінгі күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы әлемдегі шиеленістердің түйінін тарқату аса қиын емес. Жай ғана жауапкершілік танытып, сабырлы болу қажет», деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты ахуалға да тоқталды. Президент келіссөздер барысында басты мәселелерге ден қою керектігін атап өтті.

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

«Әлемде орын алған жағдайларға байыппен қарауға кеңес берер едім. Мәселен, бәрі Иранды талқылап жатыр. Әрине, бұл елдегі ахуал өте күрделі. Оған қатысты қандай да бір пікір айту қиын. Қазақстан Шығанақтағы елдерге тілектестігін білдірді. Біз тараптарды стратегиялық ұстамдылыққа және әскери іс-қимылды тоқтатуға шақырдық. Бұл қақтығыстың ауыр салдарын бәрі сезінді. Ең әуелі экономика құлдырады. Бүгінде Ормұз бұғазында кемелердің еркін жүзуіне қойылған тосқауыл туралы айтылып жатыр. Бірақ дәліздің қақтығысқа дейін еркін сауда жасауға ашық болғанын ескеру қажет. Сондықтан мәселенің мәніне үңілгеніміз жөн», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ жиында  Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау, халықаралық институттарды жетілдірудің маңыздығына тоқталды.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар