Еліміздегі ресми автодилерлер 2026 жылдың басында 200-ден астам модель ұсынды. Алайда олардың ішінде қолжетімді бағамен сатылатын көліктер саны шектеулі. 8 миллион теңгеге дейінгі бюджет сегментінде бірнеше негізгі модельдер ғана бар, деп жазады Egemen.kz.
Ең арзан көлік ретінде Lada Granta саналады. Оның бағасы шамамен 5–6 миллион теңгеден басталады. Бұл модель қарапайым кондиционер, аудиожүйе және қауіпсіздікке арналған базалық элементтер бар. Қозғалтқышы 1.6 литр, механикалық беріліс қорабымен жабдықталған.
Екінші орында – Chevrolet Cobalt. Ол Қазақстандағы ең көп сатылатын модельдердің бірі. Бағасы 6.6–7.2 миллион теңге аралығында. Көлікте автоматты беріліс қорабы, кондиционер және негізгі қауіпсіздік жүйелері қарастырылған.
Үшінші – JAC S3 Pro кроссовері. Оның бағасы шамамен 6.7–7 миллион теңге. Көлік вариатормен қамтылған, камера, климат-бақылау және заманауи мультимедиа жүйесі бар.
Сонымен қатар Chery Tiggo 2 Pro кроссовері де осы баға санатына кіреді. Ол шамамен 7 миллион теңге тұрады.
Тізімді Chevrolet Onix толықтырады. Оның бағасы 7–7.6 миллион теңге аралығында.
Бұдан бөлек, 8 миллион теңге шегінде JAC J7, Jetour X50, Lada Niva, Lada Vesta және Kia Soluto сияқты модельдерді де кездестіруге болады.
Жалпы алғанда, бұл сегменттегі көліктер негізінен бюджетке сай жасалған, қарапайым, бірақ күнделікті қолдануға жеткілікті функционалға ие автомобильдер болып саналады.