• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 13:32

Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты

40 рет
көрсетілді

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен «Отбасы банк» бірлесіп, теміржолшылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа әлеуметтік жобаның бірінші кезеңін іске қосты. Бұл бастама пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ететін өндірістік сала қызметкерлеріне арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов жаңадан салынып жатқан тұрғын үй нысанының құрылыс барысымен танысты. Басқарма басшысы сала мамандарын әлеуметтік қолдау компанияның стратегиялық басымдығы екенін атап өтті.

Тұрғын үй кезегіндегі түйткіл реттеліп келеді

Бағдарламаның алғашқы легіне кадр тапшылығы мен мамандардың тұрақтамау көрсеткіші жоғары өңірлер таңдап алынды. Олар:

Астана қаласы; Қарағанды; Павлодар; Семей; Қостанай.

Бағдарламаның басты ерекшелігі – теміржолшыларға жеңілдетілген шарттармен пәтер сатып алуға мүмкіндік беру. Бұл қадам тек қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, саладағы кәсіби мамандарды тұрақтандыруға, кадрлық әлеуетті нығайтуға септігін тигізбек.

Тұрғын үй кезегіндегі өзгерістер: 16 мыңнан астам адам тізімнен шығарылды

Соңғы жаңалықтар