• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 14:29

Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды

30 рет
көрсетілді

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында қауіпті жарыс ұйымдастырған жүргізушілер тобы бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Қоғамдық тәртіпті елемей, жол қозғалысына қауіп төндіргендердің әрекетіне қалалық полиция департаменті құқықтық баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған бейнежазбада бір топ жүргізушінің даңғыл бойында аса қауіпті әрекеттер жасағаны анықталған.

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жазбада келесідей өрескел заң бұзушылықтар тіркелген:

Қарсы бағытқа шығып кету; Апаттық жағдай туғызу; Көлік ағыны арасында кедергілер жасау («шашки» әдісі); Қауіпсіздік талаптарын мүлдем елемеу.

Іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері жарысқа қатысқандардың барлығын анықтап, ұстаған.

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды. Жол апатынан кейін Алматыда көлік қозғалысына бақылау күшейтіліп, полиция басшылары қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар