• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 15:59

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты

20 рет
көрсетілді

Қытайдың Ордос қаласында дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз Аруна Жангельдина құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүлде үшін өткен шешуші бәсекеде қазақстандық спортшы Тайбэй өкілі Ван Цзесимен шеберлік байқасты. Тартысты өткен белдесудің негізгі уақытында балуандардың ешқайсысы ұпай еншілей алмады. Алайда белдесу барысында қарсыласы үшінші ескертуін алып, нәтижесінде жеңіс Аруна Жангельдинаға бұйырды.

Екі дзюдошымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бұл жүлде Қазақстан құрамасы үшін аталған Азия чемпионатындағы бесінші медаль болды. Осыған дейін отандастарымыз бір алтын және үш қола медаль жеңіп алған болатын.

Ордоста жүлде алған спортшыларымыз:

Әділет Алмат (81 келі) – алтын медаль; Эсмигүл Куюлова (63 келі) – қола медаль; Абылайхан Жұбаназар (81 келі) – қола медаль; Айдар Арапов (90 келі) – қола медаль; Аруна Жангельдина (78 келі) – қола медаль.
Соңғы жаңалықтар