Алматы қаласында Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мен Жаһандық қор бірлесіп ұйымдастырған «Өмір үшін бірлік» атты диалог алаңында сарапшылар АИТВ инфекциясының профилактикасы, диагностикалау және емдеу шараларын, сондай-ақ қызметтерге қолжетімділікті кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Тек ашық диалог пен ресурстарды біріктіру арқылы ғана біз АИТВ инфекциясының таралуына тиімді қарсы тұрып, пациенттердің өмір сапасын жақсарта аламыз. Бүгінде елде ЮНЭЙДС-тің «95-95-95» стратегиясының көрсеткіштері: АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 87%-ы өз мәртебесін біледі, олардың 89%-ы антиретровирустық терапия алады, ал ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған», деп атап өтті ҚДИАҒО директоры Роза Қуанышбекова.
Талқылау барысында тестілеуді кеңейту, үздіксіз терапиямен қамтамасыз ету, емге бейілділікті арттыру және стигманы төмендету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін күш-жігерді біріктіру қажеттігі атап өтілді.
Шымкент тұрғындары жыл сайын АИТВ-ға тексеруден өтеді
Диалог алаңы барлық мүдделі тараптардың арасындағы іс-қимылды үйлестіруге, тәжірибе алмасуға және әріптестікті дамытуға мүмкіндік беретін тиімді платформаға айналды.
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді