• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 21:30

Қазақстанда үш ай ішінде алкогольсіз сусындар өндірісі 28% артты

Былтырғы жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда 1,1 млрд литр алкогольсіз және минералды сусын өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28% жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz

Аталған кезеңде өнім экспорты 15,8% төмендеп, шетелге 77,6 млн литр минералды су мен алкогольсіз сусын жөнелтілді.

Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді

Сонымен қатар, осы өнім түрі бойынша импорт көлемі 34,2% өсті. Есепті кезеңде елімізге 105,2 млн литрден астам өнім жеткізілді. Импорттық сусындардың үлесі 9,5% құрады.

Осы кезеңде ішкі нарықтағы сату көлемі 1 млрд литрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,9% артты.

Ақтөбе облысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады

Жалпы, Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірумен 132 кәсіпорын айналысады.

Соңғы жаңалықтар