• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 18:25

Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?

30 рет
көрсетілді

21 сәуір күні «102» пультіне сауда орталығында бомба қойылғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына барлық жедел қызметтер дереу келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Ақтау қаласында құқық қорғау органдары «Ардагер» сауда орталығында бомба іздеген. Саперлік тексеру кезінде қандай да бір жарылғыш құрылғы табылмаған.

«Саперлердің тексеруі барысында жарылғыш зат анықталмаған», деп нақтылады  Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Балқаштағы мектептерге жарылғыш зат қойылғаны рас па

Қазір полиция жалған хабар таратқан тұлғаны анықтау бойынша оперативтік іс-шаралар жүргізіп жатыр.

«Бұл жағдай Қазақстан Республикасының ҚК-ның 273-бабы бойынша (Адамдарды жалған террорлық акт туралы хабарлауы) Біріккен тергеу реестріне тіркелді. Атқарылатын санкция екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады», деп хабарлады ведомство.

Еске салсақ, бұған дейін жалған ақпарат таратқан Ақтау тұрғыны жазаланған болатын. Ол білім беру мекемелерінің бірінде бомба бар дегені үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

«Жарылғыш зат бар»: Атырау әуежайында жолаушылар эвакуацияланды

Соңғы жаңалықтар