• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 21:58

Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?

10 рет
көрсетілді

Астанада 22–24 сәуір аралығында Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Осыған байланысты қаладағы бірқатар негізгі көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеліп, кей жерлерде жолдар жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

22 сәуір күні қозғалыс кезең-кезеңімен шектеледі: – 08:00–11:00 аралығында Қабанбай батыр даңғылы EXPO бағытына қарай жабылады; – 10:00–13:00 аралығында Мәңгілік Ел даңғылы EXPO аумағында шектеледі; – 12:00–14:00 аралығында Түркістан көшесі мен Сығанақ көшесі қозғалысы шектеледі; – 17:00–19:30 аралығында EXPO аумағынан қонақүйлер бағытына шығу уақытша тоқтатылады.

Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды

23 сәуір күні жүктеме ең жоғары деңгейге жетеді, сондықтан шектеулер таңертең 07:30-дан бастап енгізіледі. Бұл күні де қаладағы негізгі бағыттарда қозғалыс уақытша жабылады.

Қала билігі тұрғындардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді сұрайды.

Соңғы жаңалықтар