• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әдебиет Бүгін, 09:53

Бүгін – Ұлттық кітап күні

30 рет
көрсетілді

Бұл мереке Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен 16 шілдеден бастап күшіне енген. Кітаптың қоғамдағы орнын айшықтап, оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған маңызды күндердің бірі. Рухани құндылықтарды дәріптеп, білімге деген құштарлықты арттыратын бұл дата жыл сайын кеңінен аталып өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Кітап – адамзат өркениетінің ең асыл мұрасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа білім мен тәжірибені жеткізіп, сананы қалыптастырады. Қазіргі цифрлық дәуірде ақпараттың қолжетімділігі артқанымен, кітаптың маңызы кеміген жоқ. Керісінше, терең ой мен сапалы білім іздеген жан үшін кітап – таптырмас құрал.

Президент отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Ұлттық кітап күні аясында еліміздің түкпір-түкпірінде кітап көрмелері, авторлармен кездесулер, әдеби кештер мен оқырмандарға арналған байқаулар сияқты түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.  Осының барлығы халықтың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Аида Балаева: Кітап оқуға қызығушылық тұрақты түрде артып келеді

Мамандардың айтуынша, кітап оқу адамның ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, тіл байлығын арттырып, сыни ойлау қабілетін дамытады. Әсіресе, жас ұрпақты кітап оқуға баулу болашақтың сапалы білімді әрі бәсекеге қабілетті болуына негіз қалайды.

Ұлттық кітап күні – тек мереке ғана емес, әр адамға ой салатын ерекше мүмкіндік. Бұл күн әрбірімізді кітапқа жақын болуға, рухани дамуға тағы бір қадам жасауға үндейді.

Соңғы жаңалықтар