• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған

30 рет
көрсетілді

Павлодар облысында бопсалау күдігімен екі студент ұсталды. Олар өз әрекеттерін заңсыз схемалар арқылы іске асыруды жоспарлаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күдіктілер нысана ретінде өз қатарластарын таңдаған. Олар күш қолданамын деп қорқытып, ақша талап етуді көздеген. 

«Анықталғандай, күдіктілер күш қолдану туралы қорқытулар айтқан және қылмыстық ниетті жүзеге асыруға бағытталған әрекеттер жасаған. Бопсалау деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Осылайша, заңсыз әрекеттер ерте кезеңде тоқтатылып, оның одан әрі дамуына жол берілмеді», деді Павлодар облыстық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды

Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа да ықтимал оқиғаларға қатысы тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар