• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:17

1 сағат ішінде есеп берілуі тиіс: Бала құқығын қорғау органдарына жедел әрекет ету міндеттелді

30 рет
көрсетілді

Елімізде балаларға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгездік және жәбірлеу деректеріне жедел әрекет етуді көздейтін бірыңғай ведомствоаралық алгоритм бекітілді. Тиісті бірлескен бұйрық «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңды іске асыру аясында қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа құжатта полиция, білім беру ұйымдары, медицина қызметкерлері және қорғаншылық органдарының жауапкершілік аясы нақты айқындалды. Енді бала құқығының бұзылуы туралы кез келген ақпарат бойынша белгіленген мерзімдерге сай міндетті іс-қимылдар тізбегі автоматты түрде іске қосылады.

Жүйедегі негізгі жаңашылдықтардың бірі – кейс-менеджерлер институтының енгізілуі. Әрбір оқиға бойынша жеке жауапты маман бекітіледі. Ол барлық мүдделі қызметтердің жұмысын үйлестіріп, баланың құқығы толық қалпына келгенге дейін сүйемелдеу жүргізеді. Бұл тәсіл ведомстволар арасындағы жауапкершіліктің бөлінбей қалу тәуекелін азайтады.

Қазақстанда бала құқығын қорғау комиссияларының қызметі қайта жүйеленді

Алгоритмде әрекет ету мерзімдері де нақты белгіленген. Ақпарат дереу тиісті органдарға жеткізіледі, 1 сағат ішінде мәлімет бала құқықтарын қорғау органдарына жолданады, 1 жұмыс күні ішінде кейс-менеджер тағайындалып, баланың өмір сүру жағдайы тексеріледі. Ал материалдарды кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолдау мерзімі 3 жұмыс күнінен аспайды.

Бұдан бөлек, әрекет ету негіздерінің ауқымы кеңейтілді. Енді ресми өтініштермен қатар, балалардың өз сигналдары, «111» байланыс орталығының хабарламалары, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы мониторинг нәтижелері де ескеріледі. Бұл бағытта мобильді топтар мен психологиялық қолдау орталықтары да жұмылдырылған. 

Динара Закиева: Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі

Балаларға көмек бірыңғай стандарт бойынша көрсетіледі. Оған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және құқықтық қолдаудың толық кешені кіреді. Сондай-ақ жаңа тәртіпке сәйкес, мемлекеттік қорғау тек зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға ғана емес, оған куә болған кәмелетке толмағандарға да ұсынылатын болады.

Соңғы жаңалықтар