• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы Бүгін, 12:55

Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады

30 рет
көрсетілді

Ұлттық банк ескі үлгідегі банкноттарды айналымнан шығару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

24 маусымнан бастап елімізде 2 000 теңгелік ескі үлгідегі банкноттардың айналымда қатар жүру мерзімі аяқталады. Ұлттық банктің мәліметінше, 2024 жылдың 25 желтоқсанынан бастап 2026 жылдың 24 маусымына дейін бұл купюралар ескі және жаңа үлгіде қатар қолданылған.

Сондай-ақ бұған дейін 10 000 теңгелік ескі купюралар 2026 жылдың 27 маусымынан бастап айналымнан толық шығарылады деп жоспарланған болатын. Алайда қаржы реттеушісі бұл мерзімді тағы бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.

Жаңа 20 мың теңгелік банкнота келесі жылы қолданысқа енгізіледі

Осылайша, азаматтар ескі үлгідегі банкноттарды белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін де Ұлттық банк пен уәкілетті банктер арқылы айырбастай алады.

Соңғы жаңалықтар