• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:58

Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты

110 рет
көрсетілді

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты үкім кесті. Ерлі-зайыптылар онлайн-курстар мен ұтыс ойындары арқылы қатысушыларды алдады деп айыпталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот барысында айыпталушылар өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірген. Сондай-ақ олар мемлекетке келтірілген 247,6 млн теңге көлеміндегі мүліктік шығынды өз еркімен өтеген. Осыған байланысты тараптар прокурормен процессуалдық келісімге келді:

Ерболат Жанабыловтың мүлкі тәркіленіп, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Эльмира Төлегеноваға 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Алайда сот үкімнің орындалуын 2 жылға шегерді.

Тергеу нұсқасы бойынша, блогерлер онлайн-курстар сатып, сұранысты арттыру үшін қымбат автокөліктер мен сыйлықтар ұтысын ұйымдастырған. Олар ұтыс қоры «өз қаражатымыздан құралды» деп жалған ақпарат таратқан. Іс жүзінде сыйлықтар қатысушылардың курстар үшін төлеген ақшасы есебінен алынған болып шықты.

Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды

Соңғы жаңалықтар