• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:20

Еліміздің бірнеше облысында түнде үсік жүреді: 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы

20 рет
көрсетілді

28 сәуір республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік және орталық облыстарда жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, сондай-ақ 28 сәуірде елдің орталығында түнгі уақытта 3°С-қа дейін үсік жүреді деп күтіледі.

Күндіз республика бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

Батыста – +15...+20°С дейін; Солтүстік-батыста – +17...+25°С дейін; Солтүстікте – +21...+26°С дейін; Орталықта – +21...+30°С дейін; Шығыста – +19...+27°С дейін; Оңтүстікте – +25...+34°С дейін; Оңтүстік-шығыста – +22...+27°С дейін.

Астанада күн ашық болып, жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы күндіз шамамен +17…+18°C, ал түнде +7…+8°C жылы болады.

Алматыда күн ашық, күндіз +18…+20°C шамасында, түнде +7…+10°C сақталады.

Ал Шымкентте ауа райы жылы әрі құрғақ болып, күндіз температура +25…+28°C дейін көтеріледі, түнде +14…+16°C болады. Кей жерлерде жел күшеюі мүмкін.

 
Соңғы жаңалықтар