• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бизнес Бүгін, 11:52

Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді

40 рет
көрсетілді

Елімізде бизнес ашу процесін жеңілдетуге арналған жасанды интеллект негізіндегі жаңа AI-көмекші әзірленіп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, бұрын бір аймаққа бірдей бағыттағы бірнеше бизнес түрінің қатар ашылу қаупі болған. Мысалы, кофеханалар немесе дәріханалар бір жерде шамадан тыс шоғырлануы мүмкін еді. Енді жүйе кәсіпкерге карта арқылы таңдаған аумақтағы қолданыстағы және тіркеліп жатқан бизнес нысандарын көрсетеді.

Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен

Сонымен қатар Қаржы министрлігімен бірлесіп салық есептілігі мен салық заңнамасын түсіндіретін тәулік бойы жұмыс істейтін AI-көмекші іске қосылған. Ол жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты өзекті болып отыр. Жүйе пайдаланушыларға күрделі құқықтық мәтіндердің орнына қарапайым әрі түсінікті кеңестер береді.

«Бұл жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты ерекше өзекті болып отыр. Азаматтар мен бизнес өкілдері салық мәселелері бойынша түсіндірулерді тез әрі түсінікті түрде ала алады. Пайдаланушы күрделі заңдық мәтінді емес, не істеу керектігі және қателіктерден қалай сақтану туралы қарапайым ұсыныстарды алады», деді министр.

Елімізде салық түсімдері 7 триллион теңгеге жақындады

Министрдің сөзінше жасанды интеллект клиент ағынын, бәсекелестік ортаны және аймақтағы бизнес белсенділігін талдап, кәсіп ашуға тиімді баламаларды ұсынады. Бұл шешім бизнесті іске қосу кезеңіндегі шығындарды екі есеге дейін азайтуға және кәсіптің тұрақтылығын арттыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта бұл жүйе арқылы 5 мыңнан астам сұраныс өңделген.

Соңғы жаңалықтар