• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Бүгін, 17:29

Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

30 рет
көрсетілді

Астанада Есіл ауданындағы Бұқар Жырау көшесінде орналасқан он екі қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткен сәтте, 12 қабатты үйдің 7-қабатындағы пәтерден қою түтін шығып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер дереу өрт оқпандарын беріп, жалынды ауыздықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Сондай-ақ судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты

Құтқару жұмыстары барысында ТЖМ күштері жоғары қабаттарда орналасқан 10 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, пәтердің ас үйінде тұрмыстық техника, үй заттары мен жиһаздар өртенген.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. «112» құтқару қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске сала кетейік, осыдан бірер күн бұрын Әзербаев көшесінде орналасқан 10 қабатты тұрғын үйден өрт шыққанын жазған едік. 
Соңғы жаңалықтар