• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды

50 рет
көрсетілді

Нұрлан Сабуров Дубайда өткен концертінде әзілкештердің саяси басшылық қызметтерде болуына қатысты пікір білдірді. Ол әзілкештерді саясатқа араластыру дұрыс емес деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске сала кетейік, биыл қаңтар айының соңында Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынған болатын. Содан кейін ақпан айында ол елге оралып, Қазақстанда тұрып жатыр. Дубайдағы кеш барысында ол өзіне қатысты қызықты ұсыныс болғанын жеткізді.

«Маған Степногорск қаласының әкімі болуды ұсынды. Бірақ, меніңше, әзілкешті саяси жетекші етіп қою – нашар идея. Өйткені мен барлық достарымды лауазымды қызметтерге тағайындап жіберер едім», деп әзілдеді Сабуров.

Еске сала кетейік, Ішкі істер органдары Сабуровқа қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын, бірақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар