• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Елімізде әскерге бару жасы 50-ге дейін ұзартылуы мүмкін

110 рет
көрсетілді

Қазақстанда әскерге бармаған 50 жасқа дейінгі ер азаматтарды қайта даярлауға жіберу ұсынылды. Бастаманы Астана қаласының Қорғаныс істері департаментінің өкілі Ғани Артықов көтерді. Запастағы полковник бұл ұсынысты телеарнаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Департамент өкілінің айтуынша, қазір халықаралық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты елдің мобилизациялық резервін күшейту қажет. Осылайша, жалпыға бірдей әскери міндетті қалпына келтіру керек деп есептейді.

Желіде тараған видеодағы жігіт әскерге өз еркімен бара жатқанын айтты

Ол өз ұсынысында бірнеше даярлық тетігін қолдану керегін айтты. Мәселен, бір жылдық әскери дайындық аясында сарбаздар мобилизациялық резервті толықтыру үшін дайындалады. Сондай-ақ сарбаздарды 40 күндік әскери-техникалық мектептерде оқыту да бар. Басты назар мергендер, граната атқыштар мен пулеметшілер сияқты тар бейінді мамандарды даярлауға аударылмақ.

Әскердегі жаңа талап: Енді сарбаз қызмет барысында кемінде 5 кітап оқуға міндетті

Сонымен қатар, полковник заманауи соғыс жүргізу тәсілдерін, оның ішінде ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды меңгерудің маңызын атап өтті. Бұл әскери-техникалық мектептер мен бір айлық жиындардың міндетті бөлігіне айналуға тиіс.

Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?

Алайда бұл ұсыныс қоғам тарапынан сынға ұшырады. Әлеуметтік желілерде ел азаматтары мұндай шаралардың қажеттілігіне күмән келтіріп, елде кәсіби армия бар екенін алға тартып жатыр.

Айта кетейік, Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілеріге ақшалай үлес, жәрдемақылар және өзге де төлемдерді төлеу қағидаларына өзгерістер енгізді.

Соңғы жаңалықтар