• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Ақтауда полиция көлігі бір жарым жасар баланы қағып кетті

40 рет
көрсетілді

Ақтаудағы 27-шағынауданда полиция қызметкері басқарған көлік 1,5 жастағы баланы қағып кетіп, сәби оқиға орнында қайтыс болды. Қайғылы оқиға 13 мамыр күні болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаменті аталған жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

«Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 3-бөлігі (көлік құралдарын басқару немесе пайдалану ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.   

Көкшетауда әйелді қағып кеткен оқиға: Тергеу бір ай ішінде аяқталады

Ведомство бұл оқиға басшылықтың ерекше бақылауына алынғанын айтып, қаза болған баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бейресми дереккөзге сүйенсек, жүргізуші алкоголь және есірткіге қатысты тексерістен өткен, нәтижесінде мас күйде болу белгілері анықталмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Көкшетауда жүргізуші куәлігі жоқ адам басқарған көлік әйелді қағып кетіп, ол оқиға орнында қаза болған еді. 

Соңғы жаңалықтар