• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:22

«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Министрлік үш жыл бойы кәсіпорын қызметінен кемшілік таппаған

40 рет
көрсетілді

2025 жылы «Қазцинк» компаниясының Өскемен қаласындағы зауытына заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вице-министр 2022-2025 жылдары компания мен басқа да ірі кәсіпорындардың қызметі профилактикалық бақылау аясында тексерілгенін атап өтті.

«Нұсқамалар мерзімінде орындалды және менің білуімше, біз ешқандай айыппұл салған жоқпыз. Бірақ осы жағдайға байланысты жедел-тергеу тобы құрылды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті ТЖМ-мен бірге барды. Біз қазір апаттың нақты шығу себебін және оған кінәліні анықтап жатырмыз. Қауіпсіздік техникасын сақтамау, адамды қауіпсіздік техникасымен таныстырмау, кәсіпорындағы технологиялық ақаулар немесе ескірген жабдықты олар өзгертпеген болуы мүмкін», деді Е. Тұяқбаев Сенатта өткен брифинг барысында.

Бірінші вице-министр апат үшін жауапкершілік міндетті түрде болатынын айтты.

Естеріңізге саламыз, 5 мамыр күні таңертең кәсіпорын аумағында шаң ұстағыш құрылғы жарылды. Құрылымдардың бір бөлігі құлап, өрт шықты. Оқиға салдарынан сол күні екі адам қаза тапты. Зардап шеккендердің бесеуі ауруханаға жеткізілді. 12 мамырда жарақат алған тағы бір жұмысшы ауруханада қайтыс болды.

Өскеменде ауа сапасы тексеріліп жатыр: Өңір тұрғындарына өтемақы төлене ме?

Премьер-министр жағдайды жеке бақылауға алып, ТЖМ, Экология министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне жедел шаралар қабылдауды тапсырды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар