18 мамыр бойынша Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Kurs.kz мәліметінше, Астананың ақша айырбастау орындарында:
доллар 466,93 теңгеден сатып алынады, 473,87 теңгеден сатылады; еуро: сатып алу – 544,00 теңге, сату – 554,00 теңге; рубль: сатып алу – 6,19 теңге, сату – 6,49 теңге; юань 67,61 теңгеден сатып алынып, 73,13 теңгеден сатылып жатыр.Ұлттық банк мамырда қанша валюта сататынын жариялады
Алматының ақша айырбастау орындарында:
доллар: сатып алу – 468,44 теңгені құраса, сату – 470,69 теңгені құрап отыр; еуро: сатып алу – 545,58 теңге, сату – 550,92 теңге; рубль 6,17 – 6,30 теңге аралығында саудаланады. юань 68,38 – 70,90 теңге аралығында саудаланып жатыр.Еске салайық, өткен аптаның соңында доллардың орташа бағамы 3,87 теңгеге түсіп, 470,17 теңге болды.